Руханият • 28 Ақпан, 2020

Консулдық кітапханаға сый жасады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордадағы Ә. Тәжібаев атындағы облыстық кітапханаға Алматы қаласындағы Ресей Бас консулдығының қызметкері Ольга Мощеева келіп, біраз кітаптар сыйға тартты. Бұл туралы облыстық ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.  

Консулдық кітапханаға сый жасады

Шараға облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова, облыстық кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова және мекеме қызметкерлері қатысты.

Ресей Бас консулдығының өкілі кітапхана жұмысымен танысып, 1 наурыз - Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған тақырыптық  кітап көрмесін қызыға тамашалады.