Қоғам • 28 Ақпан, 2020

Ұлттық кеңестің қоғамдағы рөлі талқылануда

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық кеңес: қоғамдық келісімді қайта жандандыру» атты пікірталас клубының отырысы өтіп жатыр.

Ұлттық кеңестің қоғамдағы рөлі талқылануда

Қатысушылар әлеуметтік жандандырудың өзекті проблемалары мен жүргізіліп жатқан реформалардың бағытын талқылауда.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы айтқан «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруда халық пен билік арасындағы диалогты одан әрі дамыту жолдарын қарастырып жатыр.    

Пікірталас клубының отырысына мемлекеттік орган өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, отандық ғалымдар мен сарапшылар қатысуда.

в