Министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, алдағы екі-үш айда бұл үрдіс аяқталады. Бірақ оның қандай шартпен орналастыратыны жөнінде хабарланбады.
Мамандар бұл жолы Ресей тарапы қазақстандық облигациялардың сұранысқа ие болатынына сенімді. «Астана инвест» инвестициялық-сараптама орталығының бөлім басшысы Серік Қозыбаев бұл жолғы сұраныс мемлекеттік облигациялардың қандай шартпен орналастырғандығына байланысты екенін айтады. Сонымен бірге бұл жолғы таңдаудың неге Ресейге түсіп отырғанын да түсіндіріп өтті.
Қаржы министрі Ә.Смайловтың түсіндіруінше, Ресей нарығына шығудың пайыздық мөлшерлемесі барынша тиімді.
«Финам» сараптамалық орталығының өкілі Алексей Ковалев те Қаржы министрлігінің шешіміне дұрыс деп баға беріп отыр.
«Менің түсінуімше, біз 500 миллион АҚШ долларының баламасы туралы айтып отырмыз, яғни шығарылым валютасы ретінде Ресей рублі таңдалады. Тұтастай алғанда, орналастырудың алғышарттары айқын, нарықтағы бағалы қағаздардың ұсынылған кірістілігі мен өтімділігі маңызды болады. Ал оның мөлшеріне қатысты Ресей Қаржы министрлігі қазақстандық облигацияны аукциондарда үш-төрт есе көп сатады деді ол.
Centras Securities сарапшысы Айдын Наурызбаев қолданыстағы жергілікті қаржы құралдарынан гөрі бағалы қағаздар инвесторлар арасында қызығушылық тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Мысалы, оның қайтарымы Қазақстан жағы үшін 8 пайыздан жоғары болуы әбден мүмкін.
Бұған дейін Fitch Қазақстанның болжамды облигацияларына BBB (EXP) рейтингіне тоқтады. Сондай-ақ осыған дейін біздің ел құны 1,1 миллиард еуроға еурооблигацияларды орналастырған.
Fitch сараптамалық агенттігі де Қаржы министрлігінің шешімін дұрыс деп отыр. Агенттіктің хабарлауынша, қорытынды рейтинг түпкілікті құжаттама тапсырылғаннан кейін белгілі болады.
Біздің газет осыған дейін Қазақстан Лондон қор биржасында және AIX-те 1,1 млрд еуроға еурооблигацияларды орналастыруды жоспарлап отырғанын жазған. Сарапшылар алдағы орналастыруды жоғары бағалады. Бүгінге дейін Қазақстан 1,1 млрд еуроға еурооблигациялардың екі траншын орналастырды.
Cbonds мәліметтері бойынша жеті жылдық облигациялардың көлемі 500 миллион еуроны, ал 15 жылдық облигациялар 650 миллион еуроны (барлығы - 1,15 миллиард евро) құрады.
Олардың табыстылығы 0,6% және 1,5% құрайды.