Қазақстан • 28 Ақпан, 2020

Наурыз айына арналған ауа райы болжамы

1536 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бірінші онкүндіктің басында солтүстік жартысында температуралық фон түнде 5..10 аяз, шығыста кей жерлерде 15...20 дейін аяз, күндіз 5 аяз...5 жылы, оңтүстік өңірлерде күндіз ауа 10...20 дейін жылынады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. 


Наурыз айына арналған ауа райы болжамы

Наурыздың басында және ортасында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың кей жерлерінде қатты, екпінді жел 15-25 м/с дейін, солтүстік өңірлерде бұрқасынмен жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша жиі тұман, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жауын-шашынмен қатар ауа температурасы төмендейді.

Бірінші онкүндіктің соңында Кар теңізінен суық антициклонның басып кіруімен республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы төмендеп, термометр бағаны түнде 10...15, кей жерлерінде 20-25 аязға дейін, күндіз 5...13 аязға дейін, оңтүстікте түнде 2...12 аязға дейін, күндіз 0...8 жылыға дейін төмендеуі мүмкін.

Қазақстанның батысында бірінші онкүндіктің басында және ортасында жауын-шашын күтіледі, ауа температурасы түнде 0...8  аяздан  0...5 жылыға  дейін, күндіз 0...5 жылыдан 5...13 жылыға дейін өзгереді. Наурыз айында ауаның орташа айлық температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1°С  жоғары, оңтүстік - шығыс бөлігінде норма шамасында  (норма: солтүстік жартысында - 3...9 аяз, оңтүстік жартысында -  2 аяз...8 жылуды құрайды). Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан көп, еліміздің батыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжануда. Бір ай ішінде циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы жауын-шашынның жиі түсуіне және ауа температурасының өзгеруіне себепші болады.