Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Түркістанда «Smart-мектеп» жобасы жүзеге асырыла бастады

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы облыс орталығындағы 3 бірдей оқу орнына «Smart-мектеп» жобасын енгізе бастады.

Түркістанда «Smart-мектеп» жобасы жүзеге асырыла бастады

Қауіпсіздік деңгейін арттыру, жүйелерді автоматтандыру мақсатындағы жоба аясында Түркістандағы №10 Әл-Фараби атындағы және №13 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектептері мен №31 бастауыш,  №27 IT-лицей мектебіне оқушылардың кіруін бақылау үшін турникеттер мен электронды құлыптар, бейнебақылау құрылғылары қойылды. Бұдан өзге, алдағы уақытта мектептерге енгізілетін «шкаф-локерлер» қауіпсіздік деңгейін арттыра түсері анық. Оқушылардың келіп-кетуіне электронды есеп жүргізуге мүмкіндік беретін карта немесе білезіктер тарқату да жоспарлануда. Қазіргі таңда оқушылардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру бағытында техникалық пәндерді оқытуға арналған «Stem Panel» жүйесі орнатылып, мұғалімдерге және барлық мектеп директорларына панелдердің фукционалдық артықшылықтарымен таныстыру үшін арнайы семинарлар өткізілген. Сондай-ақ, басқарманың бастамасымен Түркістан қаласындағы №13 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектепте IT-сынып ашылды.

1

Айта кетелік, жобада аясында Түркістан қаласындағы 8 мектеп, Арыс қаласындағы 5 мектеп бейнекамералармен жабдықталған. Қазіргі таңда жергілікті полиция пункттеріне интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта облыстағы барлық мектептерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бейнекамераламен қамту жоспарлануда. 

 

Түркістан облысы