31 Наурыз, 2010

ӨЗАРА ҮНҚАТЫСУҒА ҰМТЫЛЫС КӨРІНІСІ

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Республикасының Президенті Иван Гашпаровичпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Жоғары мәртебелі мейман­мен кездесу барысында Қ.То­қаев Қа­зақ­стан Словакияны Еуропалық Одақтағы маңызды саяси әрі эко­номикалық әріптесі ретінде қарас­ты­ратындығын және барлық са­ла­лар мен дең­гейлердегі үнқатысуды дамытуға мүдделі екендігін атап өтті. Ол Словакияға Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ төрағалығына және Ұйым­ның саммитін өткізуге қа­тысты қазақстандық бастамаға көрсеткен қолдаулары үшін шынайы алғысын білдірді. Қазақстан Сенатының бас­шы­сы Словакия Республи­ка­сы­ның Президентін Қазақстан Пар­ламенті құрылымы мен қыз­меті, жоғарғы палатаның мем­лекеттік институттар жүйесіндегі рөлі және қазақстандық депутат­тардың Қа­зақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен байланысты халықаралық шараларға белсенді қатысулары туралы хабардар етті. Ол, сонымен қатар, “ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлше­мі” Трансазиялық парла­мент­­шілер жиынына дайындық ба­ры­сы туралы айта келіп, слова­киялық парламентшілердің осы шараға белсенді түрде қаты­сатынына сенім білдірді. Иван Гашпарович өз кезе­гінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­ағалығы тиімді әрі жемісті болатындығына сенім білдіріп, Қазақстан мен Словакияның сын­дарлы қарым-қаты­нас­тары­ның салаларын одан әрі нығайту мен кеңейту экономика, энер­ге­тикалық қауіпсіздік, тер­роризм­ге қарсы тұру, гумани­тарлық және басқа салаларда сын­дарлы маңыз атқаратын­дығын атап өтті. Ол Қазақстан Сенатының Төрағасын Словакия Республикасының Парламентіне ресми сапармен келуге ша­қырды.