Іс-шараны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Ұлттық лифтішілер қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастырды.
2012 жылдан бастап Қазақстан лифт саласында лицензиялау алынып тасталып, лифт шаруашылығын діріл қағып, нарықта алақол қызмет көрсетуші компаниялар, лифт жабдығын жеткізушілер пайда болды, лифтердегі төтенше жағдайлар саны артты. 2018 жылдың сәуірінде Ақтөбе қаласында қызмет көрсетуші компания қызметкерлерінің немқұрайлығы себепті жас қыз мерт болды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасы бойынша Қауымдастықпен бірлесе отырып, «Лифтер, эскалаторлар, траволаторлар және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған көтергіштер. Жеткізу, орнату және пайдалануға қатысты талаптар» атты Ұлттық стандарт дайындалды. Биыл күшіне енген «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға және «Азаматтарды қорғау туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес бұл стандарттарды лифт нарығына қатысушылардың барлығы орындауға міндетті.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың лифт саласындағы мәселелерге тікелей көңіл бөлуі арқасында Қазақстанда лифт саласының дамуы қарқын алып жатыр. Бұл өзгерістер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жақында лифт саласын дамыту жөніндегі жол картасын қабылдауымен байланысты. Бұл құжатқа сәйкес лифтерді орнатумен, жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын компанияларды міндетті түрде аттестациядан өткізу үшін тетікті жедел құру және біліктілік талаптарын дайындау арқылы сапа мн қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, отандық лифт өндірісін дамытуға бағытталған міндеттер мен тәсілдер дайындалды. Іс-шараға қатысушылар маңызды міндеттердің бірі ретінде лифттерді өндіруге арналған жасақтаушыларды елге кіргізу үшін кедендік бажды алып тастауды атап өтті. Өйткені 2019 жылдың ақпанынан бастап дайын лифтерге кедендік баж алынып тасталған болатын, осы тұста отандық өндіріске арналған жасақтаушыларға қатысты кедендік баж 15%-ға дейін жетті. Лифттер өндірісімен байланысты қызметті «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қосу мәселесі пысықталмақ. Сондай-ақ саладағы мамандарды оқытуға арналған орталықтарды құру жоспарлануда, нарық қатысушыларын міндетті түрде Қауымдастыққа мүше ету негізінде өзіндік реттеу тетігін ендіру мәселесі пысықталынуда.
Осы оң өзгерістерге қарамастан, өкінішке орай, нормативтік мерзімі шығып кеткен лифтер мәселелесінің келешегі бұлдыр болып отыр. Елімізде олардың 5000 бірлікке тартасы қызмет етеді, олардың ішінде 4000-нан аса лифт жылдам түрде жаңартуды қажет етеді, өйткені адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Оның үстіне, аталмыш жағдай қазіргі таңда елімізде белгілі бір әлеуметтік шиеленісті тудырып отыр. Осыған орай ТҮКШ-ын жаңғыртуға арналған мемлекеттік бағдарлама Қазақстандағы «көне» лифтерді ауыстыру бойынша төмен қарқынды көрсетіп отыр. Бұған бірінші және төртінші қабат тұрғындарының экономикалық тұрғыда қызығушылық танытпай отырғандығы себеп, ал бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес лифтерді ауыстыру бойынша жалпы үй деңгейінде шешім қабылдау үшін қажет. Оған қоса, бөлінген бюджет қаржысының қысқа мерзімге берілуі (7 жылға дейін) пәтер иелерінің көтеретін қаржылай салмағының артуына алып келмек. Осыған орай Қазақстан лифт қауымдастығы Қазақстан Үкіметіне еліміздегі лифт паркін реновациялауға арналған арнайы бағдарламаны дайындауды ұсынып отыр.
Арнайы бағдарлама пәтер иелерінің әлеуметтік ерекшеліктерін (мүгедектер мен зейнеткерлер) ескеріп, қаржыландыру жаңартпалы несие негізінде ұзағырақ мерзімге қайтармалылық қағидасы бойынша жүргізілуі тиіс. Бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін отандық лифт өндірісшілерімен Off take келісімшарттарды жасасу арқылы осы компанияларды іске тарту қажет. Бұл қауіпсіздікпен, қызметпен және қосалқы бөлшектермен үздіксіз қамтамасыз ете отырып, отандық өндірісшілердің дамуына жол ашпақ. Қазіргі таңда Қазақстанда 4 лифт жасайтын зауыт бар, олардың өндірістік қуаттылығы жылына 3 500 лифтіні құрайды. Алайда олардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші іс жүзінде 5 -15%-ға дейін жетіп отыр. Саланы дамытудан болатын жан-жақты ықпал оң нәтижесін беріп, жаңа жұмыс орындарын құрып, салық айналымын көтеріп, елімізде қаржының жинақталуына жағдай жасамақ.