- Осында жиналған баршамыздың негізгі мақсатымыз қазақ күресін олимпиада ойындарының қатарына кіргізу. Сол себепті де бүгін көз алдарыңызда Қазақ күресі ассоциациясы құрылды. Ассоцияция өз кезегінде халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс жасай отырып, қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына енгізу жолында жұмыс жасайды, - деді.
Сондай-ақ Кәрім Қажымханұлы осы уақытқа дейін қазақ күресі саласында жұмыс жасап келген ұйымдардың бір қауымдастық аясында бірігуін үлкен жетістікке балады.
Конгресте Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Рамазанов, Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының президенті Қ.Бозымбаев, Дүниежүзілік қазақ күресі федерециясының президенті А.Шпекбаев, үш дүркін «Қазақстан Барысы» Б.Ыстыбаев, екі дүркін «Әлем Барысы» А.Нұғымаров сөз сөйледі.
Қазақ күресін әлемдік аренада дамыту мақсатында аталған Ассоциация Мәдениет және спорт министрлігімен, Сыртқы істер министрлігімен, Ұлттық Олимпиада комитетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.