Аймақтар • 29 Ақпан, 2020

Шымкентте көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеті әрлене түсуде

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына дайындық қызу басталып кетті.

Шымкентте көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеті әрлене түсуде

Қаланың сәулеттік келбетіне баса мән берген қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы қаспетін әрлеуді қолға алды. Бүгінде жөнделуі қажет 71 үйдің тізімі жасалып,

аталған жоба 2 кезең бойынша жұмыс жүргізуде.

Бірінші кезекте Республика және Тәуке хан даңғылдары бойындағы үйлердің қасбеттері ретке келтіріледі. Осы мақсатта қазіргі таңда аталған орталық көшелерден 41 үй анықталған.

Жалпы 41 үйдің қасбетін жөндеу үшін 13 мердігер мекеме тартылды.

Бүгінгі таңда мердігер мекемелер мен басқарма мамандар үйлердің жағдайын зерделеп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Абай ауданы бойынша 17 үйді жөндеуді (жалпы ауданы 18 000 ш.м.) 5 мердігер мекеме және 133 құрылысшы атқаруда. Қазіргі таңда 4000 ш.м. құрылыс сатылары құрылып, 6000 т.м. құрылыс материалдары жеткізілген.

Әл-Фараби ауданы бойынша 24 үй бойынша (жалпы ауданы 26 290 ш.м.) 8 мердігер мекеме және 128 құрылысшы жұмыс істеуде.

Екінші кезекте Темірлан тасжолы, Бейбітшілік және Жібек жолы көшесі бойында орналасқан көп қабатты 30 үйдің қасбеті жөнделеді.