ИРНА агенттігінің ақпаратына сәйкес, бір тәулікте тағы 385 адам аталмыш вирусты жұқтырып үлгерген. Киануш Джаханпурдың айтуынша, инфекция жұқтырғандардың жалпы саны - 978. Оның ішінде жүзден астам адам аурудан жазылған, 54 адам көз жұмды.
«Жаңа жағдайлардың 170-і Тегеранда тіркеліп отыр. Кумда – 30, Гилянда – 28, Исфаханда – 13, Маркази провинциясында – 14, Мазендеранда – 11, Оңтүстік Хорасанда – 2, Иламда – 1, Фарс провинциясында – 8, Хорасан Разавиде – 17, Керманшахта - 2, Лорестанда - 8, Хормозганда - 2, Хамаданда - 3, Альборзда – 31, Семнанда – 3, Керманда - 2, Күрдістанда – 5, Хузестанда – 9, Систан және Белуджистан провинциясында – бір жағдай болды. Оның ішінде 11 адам қайтыс болды», деді Киануш Джаханпур.
Еске салайық, кеше министрліктің өкілі Иранда 43 адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған еді.