Кездесу барысында сот қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық, әділдік, халықтың сенімін ақтау жайы сөз болды.
Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар кеңінен түсіндірілді.
Ақпараттық-ағартушылық Штабының жұмысымен, қызметімен таныстырған Сәкен Мәжінбеков, штабтың міндеті халық арасында, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жас буын арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ақпарат тарату болып табылатындығын жеткізді.
Өз кезегінде Н.Қасымбеков тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен жүзеге асырылып отырған жобаларға тоқталса, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаментінің басқарма басшысы Е.Жұмабаев мемлекеттік қызметшілердің әдебін айтып өтті.
Жиын барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығымен таныстырылып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.