«Роспотребнадзор» басшысы бір-бірімен қатар қонған екі елдің коронавирустың жаңа түрінің таралуына қарсы іс-қимыл әрекеттеріне «кемедегінің жаны бір» деп баға берді. Ресейдің аурудың осы түрімен қарсы күресте Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін баса айтты.
Оның айтуынша, Қытай COVID-19-мен күресу шараларының тиімділігін дәлелдеді, Ресей осы бағыттағы қытай тәжірибесін мұқият зерттеп, қаперге алып жатқанын әріптестерінің есіне салып өтті.
Попова ханым Ресейдің аурудың таралуын болдырмау үшін қатаң шаралар қабылдағанын еске салды. COVID-19 профилактикасы бойынша санитарлық шаралар аясында қазіргі уақытта Ресей Федерациясының аумағында 30 мыңға жуық адам бақылауда тұр. Олардың үштен бірі ғана Қытай азаматтары . Сондай-ақ, Попова ханым Қытай елшілігін Ресейдегі Қытай азаматтарына эпидемияға қарсы ережелер туралы есеп беріп, санитарлық жұмыстармен белсенді айналысуға шақырды.
Қытайдың Ресейдегі елшісі Чжан Ханьхуй Қытайдағы індеттің шарықтау шегінің өтіп кеткенін еске түсіріп, «Ресей Қытай азаматтарының кіруіне қатысты шектеулі шараларды жақында түзетеді немесе алып тастайды» деген үмітін білдірді.
Дипломат Қытайдың Ресей қабылдаған санитарлық-карантиндік шараларға түсініктікпен қарағанын да айтып өтті. Оның айтуынша, елшілік өз арналары арқылы Ресейдегі Қытай азаматтарына құзырлы органдардың қабылдаған шешімдері туралы ақпаратпен құлағдандырып, қолданыстағы ережелерді сақтау қажеттігін ескертіп отыратынын да еске салып өтті.
Осыдан 2 күн бұрын, 28 ақпанда Қытайдың Ресейдегі дипломатиялық миссиясы азаматтарын «ережелерді сақтауға және тексерулер мен карантиндер барысында билік өкілдерімен ынтымақтастыққа» шақырды.
«Ресей тарабы ҚХР-мен сыртқы саясатта басымдыққа ие екендігін, Ресей Қытаймен достық пен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын баса айтады. Мәскеудегі эпидемияға қарсы шаралар тек ҚХР азаматтарына ғана емес, бәріне де, қатысты. Сондықтан құзырлы орындар талап еткен сақтық шараларын сақтау міндетті », делінген Қытай елшілігінің хабарламасында.
Мәскеуде тұратын көптеген қытайлар биліктің эпидемияға қарсы шараларына түсініктікпен қарап отыр. Мәскеудегі Әдебиет және өнер университетінің студенті Чжоу Нэннің айтуынша, Жаңа жыл мерекесінен ҚХР-дан оралған 150-ге жуық студентті екі апталық бақылауда ұстауға шешім шығарылған.
«Жатақхананың үш қабаты карантиндік аймаққа бөлінді, карантиннен кейін студенттер 2 наурызға дейін комендантқа барып, дене қызуын күніне екі рет тексертіп отыруға міндетті. Біз мұның қажеттіліктен қабылданған шешім екенін білеміз» дейді Чжоу.
Осыған дейін Мәскеуден тарап жатқан ғаламтор көздерінде «Қытай азаматтарына көлікті пайдалануға тыйым салынғаны, метро вагондары мен микроавтобустарға кіруге рұқсат берілмегені» туралы ақпарат пайда болғанын білеміз. Бұл ақпаратты көптеген басылымдардың бас тақырып ретінде қолданғанын да көзіміз көрді.
«Мәскеу билігі, әрине, қытайлардың қала айналасында қозғалысына қойылған шектеулерге қатысты ешқандай бұйрық берген жоқ. Біздің құқымыз шектелмегенін тағы да айтқым келіп отыр. Кейбір шешімдердің сақтық шараларын сақтау үшін қабылдағанын түсінеміз » дейді Чжоу.
Сондай-ақ Чжоу ханым әлеуметтік желідегі жарияланып жатқан ақпараттарға сенуге болмайтынын да түсіндіріп өтіпті.
«Мәскеуде мен оқыған университетте тек ресейлік ғана емес, қазақстандық, өзбекстандық студенттер оқиды. Олар қытай халқы бастан кешіп жатқан ауыр сынаққа түсіністікпен қарайды, оны жеңіп шығарына да сенеді. Қазір Мәскеу жастары «Достықты емес, вирусты оқшаулаймыз» деген түсінікпен өмір сүріп жатыр» деп сөзін түйіндеді Чжау.