Әлем • 04 Наурыз, 2020

Оңтүстік Корея: Зауыттағы жарылыстан 56 адам жарақаттанды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяның Сеосан қаласындағы Lotte Chemical Corp зауытында болған жарылыс салдарынан 56 адам жарақат алды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Оңтүстік Корея: Зауыттағы жарылыстан 56 адам жарақаттанды

Өрт сөндірушілердің айтуынша, таңғы сағат 2:59-да Сеосандағы Daesan мұнай-химиялық кешенінде мұнай крекингінің құрылғысы жарылып, өрт шыққан. Тілсіз жау сағат 5:12-де 270 өрт сөндіруші және 66 арнайы техниканың күшімен сөндірілді. Lotte Chemical зауытында жарылыс мұнайдың сығылуы салдарынан болды деп болжанып отыр.

Жарақаттанғандар арасында компанияның төрт қызметкері мен жергілікті тұрғындар бар. Компанияның берген ақпаратынша, қатты күйік шалған екі адам ауруханаға жеткізілді. Қаза болғандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Lotte Chemical басшысы Лим Бюнг-юн (Lim Byung-yun) болған оқиғаға байланысты өкінішін білдіріп, компанияның жарылыс салдарын жоюға және өтемақы төлеуге қатысты іс-шаралар қолданатынын айтты.