Жерлестеріміздің арасынан шаршы алаңға алғашқы болып Дәметкен Келімбет шыққан еді. 57 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол Қытайдың спортшысы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Инь Цзюньхуаға жол берді.
Одан кейін 60 кило салмақтағы Римма Волосенко рингке көтерілді. Ол Үндістанның өкілі, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Симранжит Каур Баатпен қолғап түйістірді.
Бүгін Қазақстанның ерлер құрамасының үш бірдей мүшесі өнер көрсетеді. Олар – Зәкір Сафиуллин (63 кило), Әбілхан Аманқұл (75 кило) және Бекзат Нұрдәулетов (81 кило).