Кәсіпқой бокс • 05 Наурыз, 2020

DAZN Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің датасын айтты

1875 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

DAZN компаниясының атқарушы төрағасы Джон Скипер орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен кездесіп, бірқатар мәселені талқылаған. Екі тараптың әңгімесі барысында мексикалық пен Головкиннің арасындағы үшінші кездесудің қашан болатыны туралы мәселе көтерілген. Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлады.

DAZN Головкин-Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің датасын айтты

Стриминг көпшілік күткен бокс кешін осы жылдың 12 қыркүйегіне жоспарлап отырған көрінеді. Алайда жекпе-жектің қайда болатыны кейінірек анықталады.

Алдын ала болжам бойынша, Головкин-Альварес арасындағы өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек Лас-Вегас пен Техас штатындағы спорт кешенінде өтеді.

Бәріміз білетіндей, қазақстандық боксшы мен мексикалық спортшының алғашқы екі жекпе-жегі Лас-Вегасте өткен.

Қос спортшының арасындағы кездесуде тең есеп тіркелсе, екінші айқаста төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, осыған дейін ІBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жарақат алып қалып, сол себепті жоспарлаған кездесуін кейінге қалдырған еді.

 
 
 
 

 

Соңғы жаңалықтар