31 Наурыз, 2010

АТҚАРЫЛҒАН ІС-ШАРАЛАР АЗ ЕМЕС

723 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Президентіміздің сөзі мен ісі­нің арасында алшақтық жоқ еке­нін ел халқы ертеден түсінген. Мы­салы, өткен жылы Құркөл ауы­лында 15 жыл қаңырап бос тұрған мәдениет үйі “Жол картасы” бағ­дарламасына еніп, 29 миллион тең­ге қаржыға күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Күрделі жөндеуден өткен мәдениет сарайы өте әдемі. Жалпы, Құркөл елі Ертіс бой­ын­дағы іргелі, қасиетті елдердің бірі. Бұл жерде атақты Иманжүсіп Құтпанұлының кіндік қаны тамған, ақын Сәбит Дөнентаевтың 1913 жылы Уфадан “Қарлығаш­тар” деген кітабын шығарған ақын Қорабай Жапановтың, әнші Байғабыл Жылқыбаевтың туған жері. Енді осындай атақты баба­ларымның ұрпақтарының өнерге, осы мәдениет үйінен қанат қағатынына сенімдімін. Өткен жылы “Жол картасы” бағдарламасы бойынша 2 миллион тең­геге таза су құбыры оңдалып, ха­лық игілігіне берілді. С.Дөнен­таев атындағы мектепте 20 орын­дық, балдырғандарға шағын орта­лық ашылып, жұмыс істеуде. Бас­тау­ыш сыныптың 50 оқушысы те­гін ыстық тамақпен қамтамасыз етіл­ген. Міне, мұның барлығы бір жылда ел игілігі үшін жасалған шаралар. Елбасы өз Жолдауында осы үл­кен іс жалғасын табатынын айтқан болатын. Біздің ауылда құрылған “Нұр Отан” бастауыш партия ұйымы басқа елді мекендердегідей Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын халыққа насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізуде. Осының алдында ғана облыста “Нұр Отан” халықтық-де­мо­кратиялық партиясының Павло­дар облыстық филиалы 2009 жыл­дың жұмыс қорытындысын шығар­ғанда, біздің бастауыш пар­тия ұйы­мы “Әлеуметтік-саяси өмір­ге бел­сенді араласқаны үшін” номина­ция­сы бойынша байқау лау­реаты ата­ғы­на ие болды. Елба­сы жүргізіп отыр­ған салиқалы саясатты және Қа­зақстан халқына ар­наған Жол­дауын іске асыру үшін бастауыш ұйымның жұмы­сын жақсартып, ел игілігі үшін қызмет ететін боламыз. Қаршыға ШАЯХМЕТОВ, “Нұр Отан” ХДП Ақсу қалалық филиалының төрағасы. Павлодар облысы, Ақсу қаласы.