«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғып, түнде оның күші 15-20 м/с артады. 6-7 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болжанады.
6 наурызда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
7 наурызда желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал. 6 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с артады.