Аймақтар • 06 Наурыз, 2020

Jas Otan белсенділері қыз-келіншектерді құттықтады

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Jas Otan Жастар қанатының өкілдері мен белсенділері елордада қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Jas Otan белсенділері қыз-келіншектерді құттықтады

Мерекелік акция барысында жасотандықтар коммуналдық қызметінің қызметкерлері мен дәрігерлерді күн сайынғы ауыр еңбегі үшін алғыс ретінде құттықтады.

«Қазір соңғы оқиғаларға байланысты коммуналдық қызметтің қызметкерлері мен дәрігерлер авральды режимде жұмыс істеуде. Дәрігердің күнделікті еңбегі адамдардың өмірін құтқаруға бағытталған. Ал коммуналдық қызмет қызметкерлері ерлермен қатар, ауа райына қарамастан, таңертеңнен кешке дейін елорда көшелерін қардан тазартып, Қазақстанның жүрегі - елорданың тазалығы мен сыртқы қолайлы келбетін көркейтіп жүр. Сондықтан да біз жасотандықтармен осы еңбектері үшін алғыс айтып, мейраммен құттықтауды жөн көрдік» деді Jas Otan ЖҚ атқарушы хатшысы Жанат Чукеев.

Акция аясында көктем мен мерекенің символы ретінде қызғалдақтар мен тәттілер түрінде естелік сыйлықтар берілді.

Шара соңында белсенділер қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қызғалдақтар сыйлады.