Аймақтар • 07 Наурыз, 2020

Маңғыстауда ішкі және сыртқы рейстерге тексерулер күшейтілді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 5 наурыздан бастап Әзербайжан рейстері азайтылды, яғни 7 рейстің орнына 1 рейске дейін тоқтатылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте белгілі болды.

Маңғыстауда ішкі және сыртқы рейстерге тексерулер күшейтілді

Маңғыстау облысына короновирус (2019-nCov) инфекциясына зертханалық тексеру жүргізуге тест система алынып, тексеру жұмыстары Ұлттық сараптау орталығының вирусология зертханасында жүргізілуде.

Бүгінгі күнге дейін, яғни 6 наурызға дейін облыста 23 адам медициналық бақылауда болса, оның 15-і Иран елінің азаматтары, 8-і - Қазақстан азаматы.

4 науқас «Жедел респираторлы вирусты жұқпа» диагнозымен ауруханаға жатқызылды – оның 3-еуі Маңғыстау облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде, 1-еуі Жаңаөзен қаласының көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.

Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы диспансерге (провизорлық стационар) – 19 адам жатқызылып, медициналық бақылауға алынды. Олардың 6-уы Қазақстан азаматтары болса, 13-і - Иран елінің азаматтары.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35