31 Наурыз, 2010

АЙРЫҚША МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәдениет орталығында “Нұр Отан” ХДП жер­гілікті ұйымдарының, саяси кеңес бюросы мүше­лерінің, ведомостволар басшыларының қатысуымен бастауыш партия ұйымдары төрағаларының тұңғыш форумы өтті. Оған республикалық саяси ұйым Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Ра­хымбеков, аймақ басшысы, облыстық филиал төраға­сы Серік Біләлов қатысты. Жиында Елбасы Н.На­зарбаевтың “Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауынан туындайтын міндеттерге байланысты бастауыш партия ұйымдарының рөлін көтеру,  өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Форумды Серік Сұлтанғазыұлы кіріспе сөзбен ашып, атқарылған іс-шараларға тоқталып өтті. 386 бастауыш партия ұйымы 44 мыңға жуық нұротандықтың басын біріктіріп отыр. Жер-жерлерде 87 партиялық бақылау бекеттері құрылған. Осындай зор саяси күшке ие құрылым  партия Төрағасы  белгілеген қағидаттарды бұлжытпай жүзеге асырып келеді. Заречный ауылдық округінің әкімі,  бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Әбілғазин, “ЗИКСТО” АҚ бас директорының орынбасары Сергей Кириенко, Тайынша аудандық пошта байланысының бастығы Қайрат Шәріпов, тағы басқалары өз ойларын партияның ұйымдастыру­шы­лық жұмысын арттыру мәселелерімен  сабақтастырды. Форумда  бастауыш партия ұйымдары байқауы­ның қорытындысы шығарылып, оның жеңім­паздары түрлі марапаттарға ие болды. Партияның бір топ белсенділеріне грамоталар табыс етілді. Б.Рахымбеков  облыс орталығында жаңадан пай­далануға берілген “Ақбота” балалар бақ­ша­сын­да, қан құю орталығында болып, ұжым мүше­лері­мен әңгімелесті. Мамлют аудандық саяси ұйым фи­ли­алы ғимаратының  ашылу салтанатына қатысты. Онда нұротандықтармен кездесіп, сауалдарға жауап берді. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.