Экономика • 10 Наурыз, 2020

Коронавирустың тарауы әлемдік экономикаға әсер етті - Ерболат Досаев

68 реткөрсетілді

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.

«Биыл 6 наурызда ОПЕК+ қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленінің талаптарына келісе алмады. Ресей өндіруді төмендету ұсынысын қолдамады. Осыған байланысты Сауд Арабиясы осы жылғы 8 наурызда әлемнің барлық өңірлері үшін өз мұнайының бағасын төмендету және мұнай өндіруді тәулігіне ағымдағы 9,7 млн баррельден 12 млн баррельге дейін ұлғайтуға дайын екендігі туралы шешімін хабарлады», деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, бұл мұнайдың әлемдік бағаларын айтарлықтай төмендетуге алып келді. 9 наурызда Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары шеңберінде саудаланды, алдыңғы күнмен салыстырғанда төмендеу 30 пайыздан асты.

«9 наурызда офшорлық нарықтардағы рубльдің әлсіреуі мұнай бағасының құлдырауы аясында ең жоғарғы мәндерде бір АҚШ доллары үшін 75,4 рубльге дейін шамамен 10 пайызды құрады. 9 наурызда сауда-саттық ашылған кезде S&P500 индексі 7 пайызға төмендеді. Содан кейін сауда-саттық уақытша тоқтатылды», деді Е.Досаев.

Соңғы жаңалықтар

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Кеше

Құрдым (төрттаған)

Әдебиет • Кеше

Жаңа форматтағы жыр кеші

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар