Мамандар латын графикасына негізделген әліпби жобасындағы кейбір дыбыстардың таңбалануын қайта қарастырып, олардың жазылым мен оқылымындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерттеді.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жауапты қызметкерлері, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары қатысты. Талқылау нәтижесінде отырыс мүшелері латын әліпбиінің умлаут нұсқасын қолдады.