Олимпиадаға құрлықтық іріктеу турнирінің финалына Қазақстан ұлттық құрамасынан төрт боксшы жолдама алды.
63 келіге дейінгі салмақта Зәкір Сафиуллин өзбекстандық Елнұр Әбдірайымовпен кездеседі.
75 келіге дейінгі жұдырықтасатын Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы - Эумир Марсьяль (Филиппин) болмақ. 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов (81 келі) Пауло Аукусомен (Австралия) алтынды сарапқа салады.
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит (91 келі) Жаңа Зеландия өкілі Давид Ниикамен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ, 52 келідегі Сәкен Бибосынов күндізгі сессияда лицензия алатын соңғы мүмкіндігін пайдаланып көрмек.