Қазіргі таңда осы нысанда инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта кешен аумағында абаттандыру жұмыстары басталмақ.
− Бұл үйді осы жылы жазда тапсыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда 170-ке жуық алданған үлескерлер бар. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес алдағы 5 жылда біз елордалық үлескерлердің мәселесін толық шешу жоспарда бар. Қазір біз осы бағытта Үкіметпен бірге жұмыс істеп жатырмыз,-деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
Айта кету керек, аталмыш тұрғын үй кешеннің құрылысы 2011 жылы басталған еді. 2015 жылдан бастап проблемалық үйлердің санатында тұр.