Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

Семейде жеті мыңнан астам бала қоғамдық көлікті тегін пайдаланады

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей ақпараттық орталығының мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған көп балалы отбасылардың 18 жасқа дейінгі балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін арнайы әлеуметтік карта жұмыс істейді.

Семейде жеті мыңнан астам бала қоғамдық көлікті тегін пайдаланады

Қалалық білім бөлімі   Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен бірлесіп тізім жасады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Бағдарлама әкімшісі Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып табылады.

Бүгінгі таңда 7013 бала қоғамдық көлікте тегін жүру құқығымен пайдаланады. Әлеуметтік карта – қызғылт сары түсті. Оған баланың мәліметтері, карта нөмірі, мектептен немесе колледжден анықтама көрсетілген. Сонымен қоса картаға баланың фотосуреті жапсырылған.

Семей