Медицина • 12 Наурыз, 2020

COVID-19: адамдарды үйде оқшаулау ережесі

1477 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығы бойынша үй жағдайындағы карантиннің талаптарымен таныс болыңыздар.

COVID-19: адамдарды үйде оқшаулау ережесі

1 «B» санатындағы елдерден келген азаматтар 14 күн үй каран­тинін­де болады.

Үй карантиніне қойылатын талаптар:

  1. Отбасы мүшелерімен байланыста болмайтындай бөлек бөл­ме­нің болуы;
  2. Науқас пен отбасы мүше­ле­рі­нің жеке гигиеналық құралдары болуы (кем дегенде қолғап пен бет маскасы) және үйде күтім жасау немесе оқшаулау ретінде ұсы­ныл­ған сақтық шараларын сақтауы (мысалы, тыныс алу гигиенасы және қол алысу, жөтелу әдебі) тиіс;
  3. Үйде COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары адамдар болмауы (65 жастан асқан қарттар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммундық жүйе­сі әлсіреген немесе созылмалы жү­рек, өкпе немесе бүйрек аурула­ры бар адамдар);

Егер осы талаптарды орындау мүм­кіндігі болмаған жағдайда медициналық ұйымдардың каран­тин­іне жүгіну керек.

Үй карантиніндегі тұлғаға арнал­ған нұсқаулық

  1. Үйден шықпаңыз.
  2. Жақсы желдетілетін, есігі жабылатын бөлмеде болу. Бөлмеден тек қажет жағдайда, онда да аз уа­қыт­­қа шығуға рұқсат етіледі. Ауыз бен мұрынды тұмшалаған жөн.
  3. Вирустың таралуын болдырмас үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір реттік орамалмен немесе білек­тің ішкі қарымен жабыңыз. Қолы­ңыз­ды дереу сабындап жуыңыз немесе спиртті антисептикпен зарар­сыз­дан­дырыңыз.
  4. Тамақ ішерден бұрын, сондай-ақ жеке қажетіңізді өтер ал­дын­да, одан кейін де қолы­ңыз­ды са­бын­дап жууды неме­се спирт­ті анти­септикпен залалсыздандыруды ұмытпаңыз. Беті-қолды сүртуге бір реттік қағаз орамалды қолданған дұрыс.
  5. Мүмкін болса жеке әжетхана пай­да­ланыңыз.
  6. Егер жоғары температура немесе тыныс алу жолдарының ауыру белгілері байқалса, иә қан­дай да бір медициналық мәселе туындаса, байланыс орталығына (1406 нөміріне) хабарласыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз. Карантин туралы хабарлап, себе­бін көрсетіңіз.

0

Үй карантині кезіндегі отба­сы мүшелеріне арналған нұс­қау­­лық

  1. Оқшауланған бөлмеге отбасы мүшелерінің кіріп-шыққанын азайтқан жөн. Дұрысы созылмалы ауруы жоқ, дені сау бір адам жа­уапты болғаны абзал.
  2. Үйге қонақ шақырмаңыз.
  3. Үйдегі адамдар қолын жиі жуып тұруы шарт.
  4. Ортақ қолданылатын ас үй мен дәретхана сынды орындардың жақ­­сы желдетілуін назарда ұста­ңыз.
  5. Оқшауланған бөлмеге кірерде маска киюіңіз керек. Егер маска ыл­ғалданып, иә кірлеп кетсе, дереу таза, құрғақ маскамен ауыс­тырыңыз. Масканы арнаулы әдіс­пен шешіңіз, яғни алдыңғы бөлігін ұстамауды ескеріңіз. Артынша дереу қолыңызды жуыңыз.
  6. Оқшауланған адаммен араласу кезінде, көрпе-төсек, киім-кешек, өзге де заттарын ұстауда бір реттік қолғапты пайдаланыңыз.
  7. Оқшауланған бөлмені күн­де­лік­ті тазалаңыз және зарар­сыз­дан­ды­рыңыз.
  8. Карантиндегі адамның кір-қоңы жуылмастан бұрын, оқшау­лан­ған бөлмедегі арнайы сөмкеде сақталуы керек. Кір жууға әдеттегі кір жуғыш ұнтақты пайдалануға бо­лады.
  9. Вирус тасымалдайтын тіс щет­касы, темекі, ыдыс-аяқ, сүлгі, төсек-орын сынды тұрмыстық заттарды карантиндегі адаммен ортақ пай­да­ланудан аулақ болыңыз. Ыдыс-аяқтарды қолданыстағы ыдыс жуғыш құралдармен таза­лау­ға болады.