Тағайындау • 12 Наурыз, 2020

Жоғары сот судьялары сайланды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Жоғары сотының судьялары сайланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жоғары сот судьялары сайланды

Жоғары сот судьясы лауазымына Нұрғазы Әбдіқанов, Марғұлан Бектұрғанов және Шолпан Даниярова сайланды.

«Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғары сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар» деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Айта кетейік, судья қызметіне сайланғаннан кейін судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

 

Соңғы жаңалықтар