Спорт • 12 Наурыз, 2020

Василий Левит: Амманда алтын алғаныма қуаныштымын

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Амманда (Иордания) бокстан іріктеу турнирінде қазақстандық боксшы Василий Левит Олимпиада жолдамасымен қатар, ел қоржынына екінші алтынды салды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Василий Левит: Амманда алтын алғаныма қуаныштымын

«Осы турнирді ұтып, жеңімпаз атанғаныма шын қуаныштымын. Іріктеу турнирінің басқа додаларға қарағанда жауапкершілігі жоғары. Кездесу барысында жаттықтырушы айтқан кеңесті орындауға барынша тырыстым. Нәтижесінде, айтқан ақылын тыңдап, жеңіске жеттім. Мені қолдаған жанкүйерлеріме, дайындаған бапкерлер мен дәрігерлерге, біздің жарысқа қатысуымызға көмектескен барлық мамандарға алғысымды айтамын. Спортшы үшін жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды және соған лайық болғаныма қуанамын» деді Василий Левит.

Оның айтуынша, іріктеу турнирінде қарсыластары осал болмаған.

«Әр кездесу маған ерекше сабақ болды. Енді осы жарыста жіберген қатені болдырмау үшін әрі қарай тынбай еңбектенеміз» деді ол.

Соңғы жаңалықтар