Әлем • 12 Наурыз, 2020

Голливуд актері Том Хэнкс коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Голливуд актері Том Хэнкс әйелі Рита Уилсон екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды. 


Голливуд актері Том Хэнкс коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

«Біз өзімізді аздап шаршағандай сезіндік. Суық тию белгілері пайда болып, денеміз ауырды. Рита аздап қалтырап жүрді. Сондай-ақ дене қызуымыз да болған. Коронавирусқа тест тапсырдық, олар оң болып шықты» деп жазды ол.

Хэнкс әйелі екеуінің жағдайы туралы барлығын хабардар етіп отыратынын және үйде карантинде қажетті уақыт өткенше отыратынын хабарлады.