«Бізде әртүрлі сипаттағы пневмониямен ауырып жатқандар бар. Ауру жұқтыру қаупі жоғары мемлекеттерден келгендердің ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызылғандар да бар. Қазіргі уақытта 96 адам әртүрлі ауру белгілерімен ауруханада жатыр. Оның 46-сы ем алуда. Олардың бәрі міндетті түрде коронавирус инфекциясы бойынша тексеріледі. Қазіргі уақытта пневмониямен ауырып жатқандардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ», деді Елжан Біртанов.