Әлем • 12 Наурыз, 2020

АҚШ-та NBA-ның тұрақты чемпионаты тоқтатылды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ойыншылардың бірінен коронавирус анықталуы себепті Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) тұрақты чемпионаты кейінге қалдырылды.  Бұл туралы NBA Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

АҚШ-та NBA-ның тұрақты чемпионаты тоқтатылды

- «Оклахома» және «Юта» арасындағы матчты өткізу кейінге шегерілді. Себебі ойыншылардың бірінен алынған сынама қорытындысы оның коронавирусқа шалдыққанын көрсетті. Өткен ойын күні тұрақты чемпионаттың алты кездесуі өтуі тиіс болған, бірақ тек төртеуі ғана өткізілді. Сондай-ақ «Сакраменто» мен «Нью-Орлеанс» арасындағы ойын кейінге ауыстырылды, -делінген хабарламада.

Ал Ұлттық хоккей лигасы (NHL) өзінің ресми сайтында коронавирусқа байланысты маусымды әзірге тоқтатпайтынын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар