11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 жаңа коронавирустық инфекция пандемиясын жариялады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде нақты міндеттер қойды.
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов БАҚ өкілдерін қабылданған шаралар туралы хабардар етті:
- 13 наурыздан бастап мерекелік, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізуге және т.б. тыйым салынады;
- Денсаулық сақтау, білім беру, көпшілік жиналған объектілерде: ХҚКО, коммуналдық шаруашылықтар, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, вокзалдар, әуежайлар мен қонақ үйлер санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту;
-
Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салу, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим;
-
Аймақтан тыс демалыс кезінде оқушыларға экскурсияға тыйым салу;
-
Қоғамдық көлікте жуу дезинфекциялау құралдарын өңдеу және қолдану;
-
Орта білім беру ұйымдарының демалысқа ерте шығуы – 2020 жылғы 16 наурыздан 5 сәуірге дейін;
-
16 наурыздан бастап ТжКБ және ЖОО объектілерін Қашықтықтан оқытуға ауыстыру;
-
1А, 1Б, 2 және 3 санаттардағы елдермен халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеу;
-
Халықаралық, спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға 1А, 1Б, 2 және 3 санаттардағы елдерге шығуға тыйым салу
Сонымен қатар елімізде коронавирустық инфекция анықталған кезде санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша барлық қажетті алгоритмдер бекітілді. Қазақстанда коронавирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ.
Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов халықты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, ажиотаж жасамауға, алдын алу шараларын ұстануға және сақтауға шақырды.