Қоғам • 12 Наурыз, 2020

АҚШ-та қазақстандық сержанттар «Үздік жауынгер-2020» сайысында бақ сынады

291 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздің Қарулы Күштерінің сержанттары Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы 2020 жылға арналған әскери байланыс жоспарына сәйкес сержанттар құрамының әскери қызметшілері арасында өтетін жыл сайынғы «Үздік жауынгер-2020» байқауына қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-та қазақстандық сержанттар «Үздік жауынгер-2020» сайысында бақ сынады

Аталмыш сайыс Аризон штатындағы «Хуачук» әскери базасында ұйымдастырылды. Оған 50-ге жуық әскери қызметші қатысты. Айта кету керек, Қазақстандық тарап бұл сайысқа алғаш рет шақырылды.

Аталмыш конкурсқа қатысу ҚР ҚК сержанттар құрамының кәсібилігін арттыруға сонымен қатар серпін беруге мүмкіндік береді, жарыстың ауқымдылығын көтереді, ҚР және АҚШ ведомстволары арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ әскери жарыс түрлерін ұйымдастыру және өткізу мәселелерінде шет елдік армиялардың тәжірибесін алуға ықпал етеді. Сонымен қатар, әлем елдері бойынша ҚР ҚК сержанттық құрамының дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді ", – деп атап өтті ҚР Қарулы Күштерінің Бас сержанты шебер-сержант Темірбек Халықов.

Күш, шыдамдылық, қару-жарақпен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдылары, ұрыс алаңында бағдарлай білу, жауынгерлік жағдайда жеке құрамды басқару, биіктіктегі қорқынышты жеңу, тығыз қарым-қатынас орнату сынды талаптарға сәйкес келу сайысқа қатысушы әрбір үміткерге қойылды.

Қазақстандық команда құрамында «үздік сержант» атағын алуға Бүкілармиялық сайыстың сондай-ақ әскери халықаралық ойындар аясында өткізілетін «Әлем жауынгері» халықаралық конкурсыының жүлдегелері қатысты. Олардың қатарында Бүкілармиялық сайыстың бірнеше дүркін жеңімпазы, көпсайыстан 1-разрядты иемденген рота сержанты аға сержант Нұрбол Дәулетов пен «Әлем жауынгері» халықаралық сайысының бірнеше дүркін жеңімпазы сержант Ертілек Бекболатов бар. (2018 жылы 1 орын, 2019 жылы 3-орын).

Барлық сайыс 8 кезеңнен тұрды, онда әскери қызметшілер жауынгерлік атыспен, дене және атыс дайындығы бойынша тестілеуден және кедергілер жолағынан өтті, жергілікті жерді түнгі бағдарлау және топография дағдыларын көрсетті. Байқауға қатысушылардың төзімділігі мен күшін 22 км және 7 метрлік ғимаратта (мұнара) жүгіру сынады. Сайыста жеңіске жету үшін әскери қызметшілерге көшбасшылық қасиеттері бойынша өз білімдерін көрсету маңызды болды. Аса айтулы кезеңдердңғ бірі мекенде операция жүргізу және ғимаратты тазалау кезеңі болды.

Қазақстандық сержанттар аталмыш сайыста жоғары дене даярлықтарын көрсетті. Сержант Ертілек Бекболатов, кедергі жолағын 2 минут 15 секундта өтіп Аризон штатында рекорд орнатты, бұл алдыңғы рекордтардан екі есе жылдамырақ. Сонымен қатар, ҚР ҚК әскери қызметшілері тактикалық дайындық (ғимаратты тазалау), жергілікті жерге бағдарлау, жақын қашықтықтағы атыс бойынша жарыс барысында жақсы тәжірибе алды.

Сондай-ақ қатысушылар арасында дене шынықтыру дайындығы бойынша тестілеу ерекше қызығушылық тудырды. АҚШ Қарулы Күштерінде сержанттық құрамға және жалпы әскери қызметшілерге дене шынықтыру дайындығы бойынша талаптар жауынгерлік іс- қимылдарды жүргізудің қазіргі заманауи іс-қимылдарға сүйене отырып ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар