- Бізге қолдау көрсетіп, жанкүйер болған әрбір жанға алғысымды білдіремін. Өйткені, біздің спортымыз әлі де жас. Спринттен Олимпиадаға тарихи жолдама жеңіп алдық. Осы оқиғаға атсалысқандарға көп рахмет. Әлем чемпионатындағы ең үлкен нәтижелердің бірі - кейриннен Сергей Пономаревтің алтылыққа енгені. Дәл осы көрсеткіштің арқасында біз Токио ойындарына лицензия алып отырмыз. Сергей Пономарев екеуміз әлем чемпионатында медальсіз қалғанымызға әлі өкінеміз. Өйткені, жүлде алатын жеріміз еді. Енді бар күшімізді Олимпиада ойындарына дайындалуға жұмсаймыз. Жанкүйерлерді Олимпиада медалімен қуантсақ деген мақсатымыз бар. Осындай үлкен мақсат қойып отырмыз. Біздің спортта лицензия спортшыға емес, елге беріледі. Сондықтан, бұл жолдамаға Сергей Пономарев, Андрей Чугай және Павел Воржев үмітті. Әрқайсысының Олимпиадаға қатысатын әлеуеті бар, - деді В.Савицкий.
Берлиндегі әлем чемпионатында Сергей Пономарев кейриннен 6-шы орын алса, Артем Захаров омниум бойынша алғашқы ондыққа енді.