Қоғам • 12 Наурыз, 2020

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу нәтижелері талқыланды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Бұқановамен кездесті. Жиын барысында бағдарламаның іске асырылу нәтижелері мен алдағы жұмыстың басым бағыттары қаралды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу нәтижелері талқыланды

Жанар Бұқанова «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылатын 6 бағыт пен 13 арнайы жобаны таныстырды. «Рухани жаңғыру» орталығының басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі басымдықтарын тиімді іске асыруды сараптамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

Биыл Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына 3 жыл толды. Қысқа уақыт ішінде идеологиялық маңызға ие бағдарлама қазақстандық мәдениет, озық білім, ғылым, археология, ұлттық құндылықтарды насихаттау сияқты бағыттардың дамуына айтарлықтай серпін берді.

Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру бағыттары мен арнайы жобаларын түсіндіру мақсатындағы кездесулер Нұр-Сұлтан қаласының барлық аудандық әкімдіктерінде ұйымдастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар