Алайда шекарашылардың есірткі іздеуге арнайы үйретілген «Рада» атанған иті әлгі мүгедек адамды «есірткі тасымалдаушы» ретінде меңзеді. Иттің қателесуі мүмкін емес еді. Шекарашылар күдіктіні арнайы бөлмеге алып барып, толық тексеру жүргізді. Күдік расталды. Оның протезі жай ғана протез емес, арнайы дайындалған контейнер екендігі анықталды. Қазіргі уақытта оның ішінен табылған зат есірткі болуы мүмкін деген күдікпен сараптамадан өткізіліп жатыр. Көлемі мен түрі анықталу үстінде. Ұсталған 47 жастағы қазақстандық азамат Жамбыл аудандық полиция бөліміне тапсырылды.