Қоғам • 13 Наурыз, 2020

Тікелей эфирде баспаналы болды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ радиосының «Мың алғыс» бағдарламасына Өскемен қаласынан арнайы келген бір үйдің бес баласы қатысты. Көмекке мұқтаж екендерін білгеннен кейін Қазақ радиосы оларды арнайы шақырып, жағдайын көпке жеткізуді мақсат еткен еді.

Тікелей эфирде баспаналы болды

Үйдің тұңғышы Жанбота – 19 жаста. Өзінен кейінгі төрт бауырын жетектеп, мектеп бітірген соң білім алуға мұршасы да, құжат­тары да болмаған. Әкеден тірідей айы­рылса, анасы 2019 жылы қа­терлі дерттің салдарынан көз жұмған. Қос қанаты қа­йырылып, па­насыз қалған балапандар қазір өз күндерін өздері көріп жүр. Жал­дамалы пәтерде тұрады. Жанбота уа­қыт­ша жұмыс істегенімен, күн­­делікті тапқан 2-3 мың тең­гесі азық-түліктен артылмайды.

Қайырымды істерімен көп­шілікке үлгі болып жүрген «Ха­рекет» қайырымдылық қоры эфир барысында бала­ларға тосынсый жасап, баспана кілтін табыс етті. Бұл тосынсый Қазақ радио­сы­ның идеясымен, «Харекет» қо­ры, Өске­мен қаласы әкімдігі, Өскемен қаласы бі­лім бөлімінің қол­дауы­мен жүзеге асты. Осы ретте Өске­мен қаласының әкімі Жақсы­лық Мұқашұлына, Қалқаман Айымғазыұлына, Ақерке Абылай­ханқызына, Әділ Сайлаубекке, Гүлмира Мұ­ханқызына ерекше алғы­сымызды білдіреміз!

Еске сала кетсек, «Харе­кет» қоры «Мың алғыс» қа­йы­рым­ды­лық кешінде екі жыл қатарынан 6 отбасына баспана кілтін та­быс етіп, қуанышқа бөлеп еді. Бұл өнегелі үрдіс Қазақ радио­сының студиясында жалғасын тапты.

«Мың алғыс» хабары мен қайырымдылық кеші ая­сын­да бүгінге дейін 120 млн теңге көлемінде көмек көр­се­тілді. Кө­ңіл­дері мейірім мен қам­қорлыққа жүдеген ба­ла­ларға баршамыз қолдау көр­сетейік!