Елорда • 13 Наурыз, 2020

Елордада қосымша білім беру ұйымдары демалыс уақытында жұмысын тоқтатады

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Қосымша білім беру ұйымдары демалыс уақытында жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.



Елордада қосымша білім беру ұйымдары демалыс уақытында жұмысын тоқтатады

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында коронавирусты пандемия деп жариялады.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирусты болдырмау және таратпау мақсатында ҚР Үкіметі жанындағы комиссия алдын алу шараларын күшейтуде.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы орта білім беру мекемелерінде (мемлекеттік және жеке меншік мектептер) вирустың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін оқушыларға демалыс жарияланды. Қосымша білім беру ұйымдары да (үйірмелер) демалыс уақытында жұмысын тоқтатады.

Осы уақыт ішінде колледж студенттері қашықтан оқытылатын болады.

Сондай-ақ балабақшалар жұмыс істейді. Ата-аналарға мүмкіндік болса балаларды үйде қалдыруға кеңес береміз.

Құрметті ата-аналар, сақтық шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз» делінген хабарламада.