«Премьер-лига командалары арасындағы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты мен Қазақстан Республикасының Кубогының ойындары күнтізбеге сәйкес өтеді. Алайда, жанкүйерлер үшін стадиондардың есігі жабық болады.
OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты мен Қазақстан Республикасының Кубогының ойындарына жарысқа қатысушылармен қатар, ресми тұлғалар мен стадион қызметкерлері қатысады.
Ойындарға БАҚ өкілдері де қатыспайды. Тек көрсетілім жұмыстарымен айналысатын арнайы топ жұмыс істейді.
Профилактикалық шараны тоқтату жөнінде қосымша хабарланады» делінген хабарламада.