Аймақтар • 13 Наурыз, 2020

Қанатқақты жобаның көкжиегі кең

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қай кезде де тұрғындарды жер мен жер телімдеріне қатысты мәселелер жиі толғандырады. Олардың тарапынан бұған байланысты туындайтын сұрақтар мен түсінбестіктер де аз емес. Мұндай көріністер көп жағдайларда тиісті ақпаратқа қолжетімділіктің жеткіліксіздігінен болатыны белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ақтөбе облыстық әкімдігі «ГеоПорталАқтөбе» атты қанатқақты жобаны жүзеге асыра бастады.

Қанатқақты жобаның көкжиегі кең

Бірнеше сервистік жүйені біріктіретін жоба жер телімдері құжаттарын электрондық түрде рәсімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы жүйе арқылы инвесторлар және жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер бос жер телімдері мен олардың кадастрлық құнын анықтай алада әрі аукцион өткізу шарттары туралы ақпараттарға да қанығады. Бұған дейін жер телімдерін тіркеу және қайта тіркеу әжептәуір қолбайлау туғызып келсе, «ГеоПортал» жағдайында ұл іс электонды-сандық қолтаңба кілті арқылы атқарылады.

Бүгінгі күні қанатқақты жобаның қызмет көрсету сервистері толықтай жасақталған. Осы арқылы жер телімдері туралы ақпараттар қолға оп-оңай тиеді. Бұл кезде бұған қоса сол аумақтағы газ, су құбырлары мен электр желілері жөніндегі ақпараттарымен де толықтай танысу мүмкіндіктері жасалған. Бұл жобада су басу қаупі бар аймақтардағы жер телімдерін алуға рұқсат берілетіні не берілмейтіні жөніндегі материалдар да жинақталған.

 

АҚТӨБЕ