Аймақтар • 13 Наурыз, 2020

Мегаполисте «Алматы марафоны» тоқтатылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алматы марафоны» ұйымдастыру комитеті дүние жүзінде жаңа вирустың таралуы туралы ақпаратты мұқият қадағалай отырып, басты жүгіру жарысына дайындық ойдағыдай жүріп жатқанын мәлімдеп келген еді.

Мегаполисте «Алматы марафоны» тоқтатылды

Биылғы 13 наурыздан бастап Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Шешім коронавирус пандемиясына байланысты туындады. Осы орайда, Көктемгі жүгіруді және өңірдің басты жүгіру іс-шарасы – «Алматы марафонын» тоқтатылады.

–Адамның өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық. Қазір өз-өзімізді және қоршаған ортаны қорғау үшін ең қолайлы уақыт туындап отыр.

Біз індетке, ал енді пандемияға байланысты жағдайдың дамуын қадағалап жатырмыз. Кейбір халықаралық марафондар (Токио, Рим, Сеул) тоқтатылды. Жағдай қалыпты болады және бүкіл әлемнен келген қатысушыларды сөре сызығында қарсы аламыз деп үміттендік,–  «Алматы марафоны» ұйымдастыру комитеті. 

Осы орайда 2020 жылдың 17 наурызында «Алматы марафонының» тоқтатылуына байланысты БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өткізілмек. Осы шарада алдағы іс-шаралар, тіркеу үшін төленген жарналарды қайтару тәртібі және тағы басқа туралы айтылады.

 

 

АЛМАТЫ