Футбол • 13 Наурыз, 2020

Футбол: Қазақстандағы ең құнды команда – «Астана»

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында күш сынасып жатқан командалар арасындағы ең кұндысы – Нұр-Сұлтанның «Астанасы».

Футбол: Қазақстандағы ең құнды команда – «Астана»

Германияның Transfermarkt веб-сайты таратқан мәліметке сенсек, «Астана» клубы ойыншыларының жалпы құны – 26,65 миллион евроны құрап отыр. Солардың арасындағы ең бағалысы – Марин Томасов. 32 жастағы хорватиялық легионердің құны – 3,5 миллион евро. Екінші және үшінші орындарда Дмитрий Шомко мен Дорин Ротариу. Екібастұз футбол мектебінің түлегі 2,5 миллион және Румынияның тумасы 2,2 миллион евроға бағаланып отыр.

Алматының «Қайрат» клубы ойыншыларының жалпы құны – 22,25 миллион евроны құрайды. Ең құндылары – Адеринсола Эсола (3,2 миллион евро), Яцек Гуральски (3,2 миллион евро) және Стас Покатилов пен Дино Миканович (1,7 миллион евро).

ҚПЛ-дегі құны жоғары командалардың үштігін Қостанайдың «Тобылы» қорытындылап отыр. Олардың ойыншылары 16,65 миллион еуроға бағалануда.