«Шымкентте өндірілген медициналық маскалардың алғашқы партиясы қала дәріханаларында бүгін болады. Масканы жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) ауруының белгілері бар адамдар ғана киюі керек. Ең қарапайым әрі ең тиімді қорғаныс тәсілдері - қол жуу мен жеке гигиенаны сақтау», - деді Зекен Исаков.
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жеке гигиена шараларына мұқият көңіл бөлу қажет екенін айтты. Қолды жиі жуып, жөтел кезінде этикет ережелерін сақтап, антисептиктерді пайдалу керек. Қол беріп амандасудан бас тарту қажет. Сонымен қатар ол үйде күн сайын ылғалды тазалау жүргізіп, желдетіп тұрудың маңыздылығын айтты.