«Коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары аясында Үкімет бүгіннен бастап, яғни 13 наурыздан бастап көпшілік іс-шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдады. Қала басшылығы арнайы алдын алу шараларын жүзеге асыра бастады. Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан әкімдігі және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемияға қарсы режімді сақтау бойынша бірқатар шараны жүргізіп жатыр», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
Оның айтуынша, коронавирус диагнозында науқастар төрт санатқа бөлінген.
«Жағдайы жеңіл, орташа және ауыр деген диагноз қойылған науқастар. Сондай-ақ үйде карантинге жатқызылатын науқастар. Барлық ауруханалар арнайы медициналық жабдықтармен жабдықталған. Бұл құралдар тыныс алу жүйесі мен қан айналымы жүйесінің асқынуын емдеуге бағытталады. Қажетті құралдар тізімі жеткілікті мөлшерде», - деді басқарма басшысы.