Әлем • 13 Наурыз, 2020

Түркияда коронавирус жұқтырудың екінші дерегі тіркелді

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда коронавирус жұқтырудың екінші дерегі тіркелді, деп хабарлады Anadolu агенттігі.

Түркияда коронавирус жұқтырудың екінші дерегі тіркелді

«Түркияда қалыптасқан жағдайға байланысты әр оқушыға бір апталық, ал жоғары оқу орындарының студенттері үш апталық демалысқа шықты. Уақытша үзілістен кейін олар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді.

Онлайн оқытуда, Ұлттық білім беру ақпараттық жүйесін қолданамыз. Аталмыш жүйе, бірқатар сейсмологиялық аймақтарымызда сәтті қолданылды. Сондай-ақ әрбір оқушыға барлық байланыс операторынан ақысыз 3 ГБ интернетпен қамтамасыз етіледі», деді Ұлттық білім беру министрі Зия Селжүк.

Ал бұған дейін аталған дерт Еуропадан оралған түрік азаматынан анықталған еді. Осыған байланысты үкімет мүшелері мен тиісті ведомство өкілдері шұғыл түрде мәжіліске шақырылды. Ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өткен отырыс 5 сағатқа созылды. Жиында бірқатар шешімдер қабылданып, сақтық шаралары талқыланды.