Елорда • 13 Наурыз, 2020

Коронавирусқа байланысты профилактикалық іс-шаралар өткізілді

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Темір жол вокзалының қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізді, коронавирус СOVID-19 ауруының негізгі белгілері түсіндірілді, бұл - бас ауруы, тұмау, кеуде ауруы, безгек, жоғары температура, жүректің жиі соғуы және жиі тыныс алу. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирусқа байланысты профилактикалық іс-шаралар өткізілді

«Қазіргі уақытта вокзал қызметкерлері қажетті сақтық шараларын сақтауда: тыныс алу органдарын қорғау құралдарын (маскаларды) пайдалану және қолды тұрақты негізде дезинфекциялау.

Елорда вокзалдарының ғимараттарында орнатылған LED экрандарда тақырыптық роликтер көрсетілуде және дезинфекциялау құралдары бар диспенсерлерді орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап келесі теміржол жолаушылар бағыттары тоқтатылды:

- №103/104 «Үрімші – Алматы», Қытай темір жолының пойызы (Үрімші қаласынан сенбі күндері 6 вагон және Алматыдан дүйсенбі күндері 2 вагон). Алтынкөл-Қорғас өткізу пункті.

- № 13/14/53/54 «Нұр-Сұлтан/Алматы – Үрімші», «ҚТЖ» ҰК» АҚ» пойызы (Алматы қаласынан 4 вагон және Нұр-Сұлтан қаласынан 4 вагон сенбі күндері жөнелтілетін, Үрімші қаласынан дүйсенбі күндері жөнелтілетін). Достық-Алашанькоу өткізу пункті.

Сонымен қатар халықаралық автобус тасымалдаушыларына вирустық инфекциялардың алдын алу шаралары туралы жадынама, сондай-ақ, көлік-коммуникация кешені объектілерінде (автовокзалдарда, көліктік бақылау бекеттерінде) көрсетілген жадынамаларды орналастыру бойынша хаттар жіберілді» делінген хабарламада.