Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ - ДСМ

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелмегенін мәлімдеді. Елімізде шетелден келген 4 азаматтан вирус анықталғаны белгілі.  

Коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ - ДСМ

«Құрметті қазақстандықтар, өткен тәулік ішінде елімізде коронавирустық инфекция жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ. Жалпы жұқтырғандар саны - 4 адам. Олар дәрігерлердің қатаң бақылауында. Науқастармен байланыста болған азаматтар анықталып, бақылауға алынды» делінген Денсаулық министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ министрлік республика бойынша COVID-19 вирусының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар толық көлемде жалғасатынын айтты.

Еске салсақ, кеше Денсаулық сақтау министрі Германиядан келген екі азаматтан коронавирус анықталғанын мәлімдеген.

Кейінірек Италияның Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға 12 наурыз күні ұшып келген Қазақстан азаматының індетке шалдыққаны айтылды

Ал төртінші науқас туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Қазақстан» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында айтты. Ол азамат та Германиядан келген ұшақтың ішінде болған.