Тұяқбаевтың айтуынша, тұрақтандыру қорына шамамен 18 мың тонна әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарлары сатып алынған. Бұл – қант, күнбағыс майы, қарақұмық, көкөніс, тауық еті. Барлық өнімдер Magnum және Small сауда желілері арқылы сатылады. Алдағы уақытта тұрақтандыру қорына қосымша қаражат бөлінеді.
«Бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық 19 түрін жеткізіп беретіндер бар. Біз олармен бағасы және жеткізу көлемі туралы осы жылдың маусым айының соңына дейін анықтап алдық.
Сондықтан дүрбелең болмауы керек. Соңғы екі күнде сауда желілерінде уақытша дүрбелең орын алды. Бірақ біз тауарларды уақытында жеткіздік. Қаладағы қоймаларда барлық қажетті заттар бар», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген қала әкімінің орынбасары қалада азық-түлік қауіпсіздігі бойынша арнайы штаб құрылғанын, әр аудан әкімдігінің деңгейінде жауапты қызметкерлер анықталғанын, әкімдік қаланың барлық нүктелерінде ДДҰ бағасы туралы жедел ақпарат алып отырғанын атап өтті.
«Бағаның негізсіз көтерілуі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады», – деп атап өтті Сапарбек Тұяқбаев.
«Барлық мәселе бақылауда. Бүгінгі таңда бізде бағаның көтерілуі бойынша қауіп жоқ. Тауарлардың негізгі бөлігі – отандық өнім», – деп толықтырды сөзін әкімнің орынбасары.
Сондай-ақ, ол қаладағы дәріханалардың бетперделер және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілгендігін атады. Бұл мәселеде қала әкімдігі отандық залалсыздандыру құралдарын, санитайзерлерді өндірумен айналысатын «Avrora Holding» пен бетперделерді жеткізетін «Dolce Pharm» компаниясымен келісімге қол қойды деп хабарлады қала әкімінің орынбасары.
«Бүгін қалаға 60-80 мың бетперделер жеткізілді. Ертең, яғни демалыс күндері 140 мыңға жуық бетперде әкелінбек. Дүйсенбіден бастап біз күн сайын 80 мыңға жуық бетперде жеткізетін боламыз. Сондай-ақ, мемлекет есебінен біздің қызметіміздің қызметкерлері, оның ішінде полицейлер, дәрігерлер, шекара қызметінің қызметкерлері және басқалары бетперделермен қамтамасыз етіледі», – деді Сапарбек Тұяқбаев.
Айтуынша, барлық қоғамдық көлік құралдарын, қоғамдық орындарды, ауруханалар мен емханаларды залалсыздандыру құралдарымен өңдеу қажет. Осы мақсатта «Avrora Holding» өндіріс көлемін арттырды. Оның айналым қаражатын әкімдік қамтамасыз етті.
«Сондай-ақ шикізат жеткізу бойынша мәселелер шешілді. Біздің мәліметтер бойынша, бұл қаражат қаланың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті», – деді ол.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, қала билігі қаланың 20-ға жуық ірі дәріханалық желілерінің өкілдерімен кездесулер өткізіп, бірінші кезектегі қажетті дәрі-дәрмектердің бағасын бақылау және оның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету бойынша уағдаластыққа қол жеткізіпті.
Қала әкімдігінде белгілі болғандай, қоғамдық көлік құралдарын өңдеу күнделікті әрі міндетті шараға жатқызылады. Бұл шара мемлекеттік және жеке автокөліктерге қатысты. Автокөлік парктерінің санитарлық жағдайын тексеру түрде жүргізіледі. Талаптар орындалмаған жағдайда олар жазаға тартылмақ.
АЛМАТЫ