Қазақстан • 14 Наурыз, 2020

Науқастар анықталған рейстер жолаушыларын хабарласуға шақырды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық министрлігі коронавирус анықталған науқастар ұшып келген рейстер жолаушыларын іздестіріп жатыр. 

Науқастар анықталған рейстер жолаушыларын хабарласуға шақырды

Денсаулық министрлігі келесі үш рейс жолаушыларын 1406 немесе 103 нөмірлеріне хабарласуға шақырды.

• 10 наурыз күні сағат 02:45-те Франкфурт-Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып келген №0646 рейсінің жолаушылары

• 12 наурыз күні сағат 06:10-да Мәскеу-Нұр-Сұлтан бағытында қатынаған №SU-1956 рейсінің жолаушылары

• 10 наурыз күні Варшава-Нұр-Сұлтан бағытындағы №195 рейсінің жолаушылары 1406 немесе 103 нөмірлеріне хабарласулары қажет.