Қоғам • 16 Наурыз, 2020

Елде бар астық көлемі халықты толығымен қамтамасыз ете алады - С. Омаров

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0.9 ұлғайып, 5.2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

Елде бар астық көлемі халықты толығымен қамтамасыз ете алады - С. Омаров

«Бұл ретте мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4 пайызға артып, өсімдік шаруашылығының өнімі 2019 жылдың қолайсыз ауа райына байланысты 1.7 пайызға төмендеді. Ауыл шарушылығының негізгі капиталына салынған негізгі инвестициялар 41.1 пайызға артып, 501.6 млрд тенгені құрады. Агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорт 6.4 пайызға ұлғайып, 3.3 млрд АҚШ долларын құрады. Егін жинау қорытындылары бойынша 17.4 млн тонна астық бастырылды. Бұл 2018 жылдың деңгейінен 2.9 млн тоннаға аз. Бүгінгі күні республика бойынша қолда 12 млн тонна астық, оның ішінде 7.8 тонна бидай бар, астықты ішкі тұтыну көлемі бірінші шілдеге дейін шамамен 5.8 тонна ал бидай 3.8 тоннаны құрады», - деді Сапархан Омаров.

Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаровтың сөзіне қарағанда, қазір республика бойынша 1,3 миллион тонна әлеуметтік маңызды тауар қоры бар.

–Негізінен аймақтардағы тұрақ­тандыру қорларындағы азық-түліктің толымдылығы тексеріліп, өндірушілердің қоймаларына, сауда нүктелеріне мониторинг жүргізілуде. Қолда бар мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда республика бойынша 1,3 млн тонна әлеуметтік маңызы бар тауар бар, – деді С.Омаров.

Министр атап өткендей, бұл тауар халықты 5-6 ай көлемінде қамтамасыз етуге толығымен жеткілікті. Одан бөлек азық-түліктің барлық түрі өндіріліп те жатыр. Өңдеуге бағытталатын ши­кізат қоры да жеткілікті. Өңдеуші кәсіпорындар қажет болса өндірістік қуатты арттырады.

– Біздегі негізгі азық-түлік түрінің бірі – бидай ұны. Бидай ұнынан үш мил­­лион тонна өндірдік. Бұл ішкі қа­жеттілікті 204 пайыздық деңгейде жа­буға жеткілікті. 144 мың тонна кү­ріш өндірілді. Күрішке ішкі сұраныс кө­лемі – 76 мың тонна, яғни қажетті­лік­ті 190 пайыз жауып отырмыз. Сол се­кілді 165 мың тонна макарон өндірі­луде, оған ішкі сұраныс – 150 мың тонна, – деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар